14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын! ![]()
Бүгін ұжымымызда ұлттық дәстүрімізге сай Көрісу күні ерекше аталып өтті. Таңғы көтеріңкі көңіл күймен әріптестерімізді күтіп алып, бір-бірімізбен көрісіп, ақжарма тілектерімізді арнадық.
Түрлі түсті шариктерге жасырылған жеребелер арқылы тосын сыйлар беріліп, «Сізге хат» бөлімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ЛЕД экран арқылы қызықты сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, барша қатысушылар белсенділік танытты.
Бұл күн – амандықтың, татулық пен бірліктің белгісі. Осындай игі шаралар ұжымымыздың ынтымағын арттыра түсті.
Шараны ұйымдастырған – үйірме жетекшілері. ![]()
Баршаңызға денсаулық, бақыт және береке тілейміз!





