Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп » КММ-де Отырар АПБ бастығы полиция полковнигі Б.Нышанбаев пен Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаевтың 29.01.2026 жылғы нұсқауына сәйкес, 16.02.2026 жылы «Тұрмыс» жедел- профилактикалық іс шарасы аясында кездесу өтті.Жиынға 7-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер тиісті мамандар қатысты.Жиын барысында АПБ-нің ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция капитаны З.Надирова "Тұрмыс" жедел-профилактика іс-шарасының мақсат міндеттерін түсіндірді.
Отырар АПБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты М.Сержан кешкі уақытта көшеге шықпау, дүкендерге бармау, автокөлікті тізгіндемеу, бір-біріне әлімжеттік жасамау туралы ескертті.
АПБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты С.Көшен интернет алаяқтарынан сақтану және әлеуметтік желідегі ойындардың адам өміріне зияны жөнінде ақпарат берді.
Мектеп директоры Д.Асан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және жалпы тәртіпке бағынып, қателік жасамау маңызын түсіндіріп,әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны қатар жүретінін, дұрыс пайдаланбаса өмірге қауіп төндіретінін атап өтті.






