Выберите язык

Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

" 19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні"

" 19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні"
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және оқушылар мен мектеп ұжымының бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында мектеп ұжымы аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, абаттандыру және көркейту жұмыстарын жүргізді. Бірлесе атқарылған еңбек мектеп ауласының ажарын айшықтап, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыра түсті.
Қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталады. Табиғатты аялау, туған жерді таза ұстау және жасыл ортаны көбейту – келер ұрпаққа қалдырар құнды мұрамыз.
Тазалықты бірге сақтайық!
796894128 1708068504368486 8231647139217623214 n