Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

6 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Отырар аудандық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспары негізінде 7–9 сынып оқушылары арасында тағылымды іс-шара өтті.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 6 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Отырар аудандық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспары негізінде 7–9 сынып оқушылары арасында тағылымды іс-шара өтті.

№515 сайлау учаскесінің төрағасы

Ж. Бимбетовтің ұйымдастыруымен оқушылар «Мен әкім болсам…», «Мен депутат болсам…» тақырыптарында эссе жазды.

🔹 Іс-шараның мақсаты:

оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сайлау жүйесі туралы түсінігін кеңейту, ел басқаруға деген жауапкершілік сезімін арттыру.

🔹 Міндеттері:

– жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту;

– демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;

– өз ойын еркін жеткізе алатын, белсенді азамат қалыптастыру.

Бұл шара жас ұрпақты ел тағдырына бейжай қарамайтын, саналы таңдау жасай білетін азамат етіп тәрбиелеуге бағытталды.

625162541 1508229961019009 3397446308773139382 n