Выберите язык

Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы
1 қыркүйек күні аудандық білім бөлімінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №41-10/1180 хатына сәйкес 1–11-сыныптар арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді.
Сынып сағаты барысында «Адал азамат» ұғымының мәні жан-жақты ашылып, адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік сынды құндылықтардың адам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы орны мен маңызы туралы айтылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.Іс-шара барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін білуге,заңды құрметтеуге, Отанын сүюге,елінің дамуына үлес қосатын білімді,саналы әрі жауапты азамат болуға бағыт-бағдар алды.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сіңіру
790269000 1692065992635404 4010847470183036982 n