Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клуб жетекшісі 9-сынып оқушысы Тұрғанбай Балкенже клуб мүшелеріне "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп өтті.
Мақсаты:
- мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту;
- білім және мәдениет деңгейін арттыру;
- адамгершілікке және азаматтың патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
- жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал ету.







