Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының көрнекті өкілі, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған “Алаштың асыл перзенті” атты 8–9 сынып оқушылары арасындағы зияткерлік ойын өткізіліп, оқушылар бір-бірімен білім сайысына түсті.Ойын барысында оқушылар Міржақып Дулатұлының өмір жолы, шығармашылық мұрасы, Алаш қозғалысындағы қызметі жөнінде терең білімдерін көрсетіп, ұлт тарихына деген қызығушылықтарын танытты.
Шараның мақсаты — жас ұрпаққа Алаш арыстарының мұрасын таныту, ұлттық сананы қалыптастыру және тарихи тұлғаларымыздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Барлық қатысқан оқушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаз топтарды құттықтаймыз!.






