Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Алғыс – жүректен шыққан ізгілік»

«Алғыс – жүректен шыққан ізгілік»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Алғыс айту күні аясында тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылды. Сынып жетекшілері әр сыныпта арнайы сынып сағаттарын өткізіп, оқушыларға алғыс айтудың мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді.

Оқушылар өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдіріп, ұстаздарына, ата-аналарына және достарына жылы лебіздерін арнады. Сонымен қатар, мерекеге орай арнайы видео роликтер түсіріліп, әсерлі құттықтаулар жасалды.

Осындай игі шаралар арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, сыйластық пен ризашылық сезімдері қалыптасып келеді.

Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! Әр шаңырақта қуаныш пен алғыс сезімі мол болсын!

659128277 1557909339384404 5983123160014021254 n