Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де ата-аналардың педагогикалық және психологиялық құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеуде қолдау көрсету мақсатында ата-аналармен арнайы сабақ өткізілді.Мектеп психологі В.Ахметова "Түсінемін және қолдаймын: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ата-ана ретінде қалай жақын болу керек" тақырыбында өтті.
Сабақтың мақсаты:
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін түсіндіру, ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту, қолдау мен түсіністіктің маңызын көрсету.
Міндеттері:
– ата-аналарға ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың даму ерекшеліктері туралы түсінік беру;
– балаға дұрыс қолдау көрсету жолдарын ұсыну;
– ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру;
– ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Сабақ барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестер мен практикалық ұсыныстарға қанықты. Іс-шара ата-аналардың балаға деген түсіністігі мен қолдауын арттыруға бағытталды.
#АтаАналардыПедагогикалықҚолдау






