АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 8-сынып ата-аналармен "Жасөспірім зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет" тақырыбында Жұмаш Бағдат сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Жасөспірімдердің зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы білімін арттыру, жеке шекара ұғымын түсіндіру және өз құқықтарын қорғауға үйрету.
Міндеттері:
– Зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның алдын алу жолдары туралы түсінік беру;
– Жеке шекараға құрмет көрсету және өзгенің шекарасын сақтаудың маңызын ұғындыру;
– Сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастыру;
– Қиын жағдайларда көмек сұрай білу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, тақырыпқа байланысты пікір алмасып, пайдалы ақпарат алды.





