Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 1–4 сынып оқушыларымен "Мен не дұрыс, не бұрыс екенін білемін! "тақырыбында мектеп логопеді Бөрібаева Раушан сабақ өткізді.

🎯 Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, мінез-құлық мәдениетін дамыту және өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

📝 Міндеттері:

– Оқушыларға дұрыс және бұрыс әрекеттер туралы түсінік беру;

– Қарым-қатынас барысында әдептілік пен сыйластықты қалыптастыру;

– Жағымды мінез-құлық дағдыларын дамыту;

– Балалардың ойлау, сөйлеу және өзін еркін білдіру қабілеттерін жетілдіру.

Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, түрлі тапсырмалар мен жағдаяттар арқылы өз білімдерін толықтырды.

627190742 1511144304060908 6939338986623349485 n