Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«БІЗ – ЕЛ БОЛАШАҒЫМЫЗ»

«БІЗ – ЕЛ БОЛАШАҒЫМЫЗ»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты

"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 16.01.2026 жылы "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлдар ұйымының жоспарына сәйкес 8–11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында тәрбиелік маңызы бар жиналыс өтті.Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұдан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудың маңыздылығына тоқталып, оқушыларды заң талаптарын сақтауға, тәртіпті болуға және жауапкершілікті сезінуге шақырды.Сонымен қатар АПБ-нің ИДН қызметкері Сержан Мерей оқушыларға құқықбұзушылық түрлері мен олардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндіріп, нашақорлық, алкоголь мен темекінің адам денсаулығына және болашаққа тигізетін зияны жөнінде,түнгі мезгілде жүрмеу керектігі,булинг кибербулингтің алдын алу туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

✨ Тәртіп – тәрбие бастауы. Біз – ел болашағымыз!

615422762 1493336229175049 5085314141183974941 n