Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Дін істері басқармасы»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде 15.01.2026 жылы Түркістан облысының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының 2026 жылғы қаңтар айына арналған жоспарына сәйкес ақпараттық кездесу өтті.Аталған жиынға мектептің 9–11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында Түркістан облысы «Дін істері басқармасы» жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Әмзеев Нұрлыхан дін саласына қатысты жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларды толғандырған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пайдалы әрі құнды ақпарат алды.

Осындай кездесулер оқушылардың діни сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыруға бағытталған.615929526 1493277965847542 5316208584276798234 n