Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ -де 2026 жылы сәуірдің 9-на "Сана "бірлестігінің айлық іс-шарасының жоспары бойынша бастауыш сынып мұғалімі Орынбекова Ақмарал 1"ә" сынып оқушыларымен Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді? тақырыпқа ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ежелгі адамдардың өмірі туралы түснік беру.Еңбек құралдарының дамуы мен адамның өмір сүру салты арасындағы байланысты түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, адамдардың аңшылық пен терімшілікпен айналысқанын,уақыт өте келе еңбек құралдарының жетіліп өмір сүру жағдайларының жақсарғанын біледі.Оқушылар белсенді қатысып,өз ойларын ортаға салып тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер орындалып оқушылардың танымдық қабілеттері дамыды.






