Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

I жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру жиналысы өтті.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қамқоршылық кеңесінің 2025–2026 оқу жылының

I жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру жиналысы өтті.

Жиналыста мектеп директоры Д.Асан сөз сөйлеп, I жарты жылдықта атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда:

✅ оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы

✅ оқушылардың білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар

✅ әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмек

✅ мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары

✅ ата-аналармен және Қамқоршылық кеңеспен бірлескен іс-шаралар туралы нақты мәліметтер берілді.

Қамқоршылық кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім беру сапасын арттыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, келесі кезеңге арналған жоспарлар белгіленді.

627535250 1509626757545996 1601354644952267516 n