Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Іс-шара аясында «Хулиганка» және «Закладки атты бейнероликтер көрсетіліп, ондағы оқиғалар негізінде оқушылармен ашық пікірталас ұйымдастырылды

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы білім беретін мектеп" КММ-де 9-11сынып оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тәрбиелік бағыттағы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында кездесетін құқықбұзушылық түрлерінің алдын алу, олардың зияны мен салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара аясында «Хулиганка» және «Закладки атты бейнероликтер көрсетіліп, ондағы оқиғалар негізінде оқушылармен ашық пікірталас ұйымдастырылды. Көрсетілген материалдар арқылы бұзақылық әрекеттердің, есірткі заттарын тарату мен сақтау сияқты заңсыз іс-әрекеттердің қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін кері әсері түсіндірілді.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі аясында қарастырылатын жауапкершілік түрлері туралы ақпарат берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, заң талаптарын сақтау, жаман әдеттерден аулақ болу, дұрыс орта таңдау жөнінде пікір алмасты.

Шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және саналы, жауапты тұлға қалыптастыру.631899323 1517284830113522 7923369363354827318 n