Қадірлі ұстаздар қауымы!
Сіздерді төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзат баласына ең қастерлі, ең ұлы мамандық – ол ұстаздық. Сіздердің әр шәкіртке арнаған ыстық ықыластарыңыз бен өлшеусіз еңбектеріңіз ұлт болашағына жасалған баға жетпес қазына.
Ұрпақ тәрбиесінде бағыт-бағдар беріп, білім нәрін сіңіріп, өмірлік жолына шамшырақ болу – үлкен жауапкершілік. Осы абыройлы міндетті адал атқарып жүрген баршаңызға алғысымыз шексіз.
Бүгінгі жас буынның ой-өрісі кең, рухы биік, парасатты азамат болып қалыптасуында сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Ұстазға тағзым еткен елдің мерейі әрқашан биік болмақ.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Шәкірттеріңіздің жетістігі – еңбектеріңіздің жемісі болсын!
Ұстаздар күні құтты болсын! ![]()
Ізгі ниетпен,
Асан Дінмұхамед Қырқынбайұлы






