Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өмірімізді қорғау»

«Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өмірімізді қорғау»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де

17.04.2026 ж бастауыш сынып оқушыларына 1–4 сынып арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұлан ұйымдастырып, оқушыларға қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.

Мақсаты:Оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, түрлі қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:Су қауіпсіздігі ережелерін үйрету.

Өрт кезіндегі сақтық шараларын түсіндіру.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру

Оқушылардың жауапкершілігін арттыру.

Түсіндіру барысында балаларға күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлерден сақтану жолдары айтылып, нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбіріміз үшін маңызды!673177199 1571330721375599 88965167388616805 n