Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 30.04.2025 жылы Біртұтас тәрбие жоспары аясында 1-Мамыр бірлік күніне орай "Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені тақырыбында үйірме жетекшілері Д.Сапарбаева мен Д.Сақтың ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.Біз — түрлі ұлт пен ұлыстың өкілі, жүрегіміз бір, тілегіміз ортақ елміз. Бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, болашаққа бірге қадам басып келеміз. Қазақстандағы татулық пен келісім — біздің ең үлкен байлығымыз. Осы құндылықтарды сақтап, келесі ұрпаққа аманат ету — әрқайсымыздың қасиетті міндетіміз.
Бірлігіміз бекем болсын!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болғай!








