Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

ҚИЫНДЫҚТАН ҚАШПА – ҚАРСЫ ТҰР!

ҚИЫНДЫҚТАН ҚАШПА – ҚАРСЫ ТҰР!

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 09.02.2026жылы "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында

7–11 сынып оқушыларына арналған

«Қиындықтан қашпа – қарсы тұр!» тақырыбында құмар ойындар мен интернет тәуелділігінің алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұлан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔹 Мақсаты:

Оқушыларға құмар ойындар мен интернетке тәуелділіктің зиянын түсіндіру, саналы таңдау жасауға үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

🔹 Міндеттері:

▪ Құмар ойындар мен интернет тәуелділігінің адам психологиясына, денсаулығына және оқу үлгеріміне кері әсерін түсіндіру;

▪ Уақытты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

▪ Пайдалы әдеттерге баулу, жауапкершілік сезімін арттыру;

▪ Қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын ұғындыру.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Тәрбиелік мәні жоғары бұл кездесу оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.

📚 Болашақ — саналы ұрпақ қолында!628493292 1513916097117062 6351769692428620648 n