Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ БЕРУ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ БЕРУ

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты

«Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 14.01.2026 ж "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кәсіби бағдар беруші педагог Мырзахмет Әселдің ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушыларына арналған

«Бүгінгі оқушы – болашақ маман иесі» тақырыбында студенттермен кездесу кеші өткізілді.Кешке еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан мектебіміздің түлектері арнайы шақырылды.Іс-шара барысында студенттермен оқушылар арасында мамандықтар туралы сұқбаттар болды.. Сонымен қатар, студенттердің мектеп қабырғасындағы кезінен сақталған суреттері мен бейнематериалдары көрсетіліп, әсерлі әрі жылы естеліктер еске алынды. Бұл сәттер кешке ерекше атмосфера мен шынайы эмоция сыйлады.Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Студенттер студенттік өмірдің қызығы мен қиындығы, таңдаған мамандықтары, болашаққа қойған мақсаттары туралы ашық ой бөлісті. Бұл өз кезегінде оқушыларға үлкен мотивация беріп, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар болды.615688455 1493298339178838 5265772271410725577 n