Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ – 2025 ЖЫЛ»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азама" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Күз ханшайымы -2025 "бастауыш сынып қыздары арасында

«Көркем жазу» үйірмесінің жетекшісі Келесова Салтанаттың ұйымдастырумен өтті.

«Күз ханшайым – 2025» сайысы жоғары деңгейде өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және күздің көркем келбетін сезіндіру болды.Қатысушы оқушылар бірнеше кезең бойынша өз өнерін көрсетіп, сәнді күзгі киімдерін, шығармашылық жұмыстарын және өнерлерін ортаға салды.

Жеңімпаздар мен номинациялар:

👑 Бас жүлде – «Күз ханшайым»: Әбілда Лашын

🍬 «Тәтті қыз» – Бекмұрат Айша

💛 «Сүйкімді қыз» – Қуанышбай Айда

🎤 «Өнерлі қыз» – Орынбай Аяла

🌸 «Инабатты қыз» – Мырзахан Айша

✨ «Талантты қыз» – Бекзатқызы Айша

📚 «Ақылды қыз» – Нұрбек Әмина

Барлық қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Әр бала өз талантын жарқыратып, мерекенің сәнін кіргізді.Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, қалған қатысушыларға да алғыс хаттар табысталды. Сайыстың мәнді өтуіне үлес қосқан ата-аналар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🍁👑

Возможно, это изображение один или несколько человек