КІТАП ОҚИТЫН ҰСТАЗ КЕЛБЕТІ
Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Ұстаздар күніне орай мектебімізде іс-шара ұйымдастырылды.
Кітап – адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін тереңдететін рухани қазына. Ал кітап оқитын ұстаз – шәкіртіне сөзбен ғана емес, өзінің іс-әрекетімен үлгі көрсететін тұлға.
Ұстаздың кітап оқуы – кәсіби дамудың, ізденістің және үздіксіз білім алудың белгісі. Оқыған сайын ой толығады, ізденген сайын жаңа мүмкіндіктер ашылады.
«Кітап оқитын ұстаз – білімге құштар шәкірт тәрбиелейді».
Бейнероликте ұстаздардың кітап оқуға деген қызығушылығы, кітаптан алған әсері мен ой-толғамдары талданып, оқуға құштар ұстаздың келбеті көрініс табады.





