Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп " КММ-де "Балалар кітапханасы " жобасы аясында "Ұлттық кітап " күніне орай " Кітап және кофе " атты көңілді үзіліс іс- шарасы ұйымдастырылды.Бұл үзілістің басты мақсаты - ұстаздардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, еркін атмосферада пікір алмасуға мүмкіндік жасау. Іс- шара барысында ұстаздар оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп , кейіпкерлерді талқылады , қатысушылардың көңіл - күйін көтерді. Әр ұстаз өз ойын ашық айтып, жаңа кітаптар мен танысуға шабыт алды.Кітап пен кофенің үйлесімі - тек демалыс емес , рухани байлыққа бастар жол екенін тағы да дәлелденді.





