Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Мұғалімдер бөлмесінің жаңарып, заманауи талапқа сай жабдықталып, салтанатты түрде ашылу сәтінен

Мұғалімдер бөлмесінің жаңарып, заманауи талапқа сай жабдықталып, салтанатты түрде ашылу сәтінен 🌿

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ -ді үшін ерекше маңызы бар қуанышты күн. Ұстаздарға арналған кеңістіктің жаңа кейіпке еніп, заманауи талаптарға сай жабдықталуы – олардың еңбегіне деген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі.

Аталған мұғалімдер бөлмесіне өмірін білім мен тәрбиеге арнаған, ұлағатты ұстаз Төлепберген Қалжан Бегмішқызының есімі берілді. Бүгінде ортамызда болмаса да, оның өнегелі жолы, шәкірт жүрегіне қалдырған ізі әрдайым жадымызда. Бұл – ардақты жанның жарқын бейнесіне көрсетілген тағзым мен құрметтің белгісі.

Жаңартылған ұстаздар бөлмесі – білім мен тәжірибе тоғысатын, жаңа идеялар мен тың бастамаларға жол ашатын рухани орта болсын.

Осындай игі істер жалғасын таба берсін!

672494371 1569387804903224 8639253364557495184 n