Мектеп асханасына жоспарлы бақылау жүргізілді.
Отырар ауданы білім бөлімінің «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ асханасында бракераждық комиссия тарапынан жоспарлы бақылау жұмыстары өткізілді.
Бақылау барысында оқушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және асхананың жалпы тазалық жағдайы мұқият тексерілді. Тағамдардың дәмі мен температуралық режиміне ерекше назар аударылды.
Тексеру нәтижесінде асхана жұмысына оң баға беріліп, оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануы қамтамасыз етіліп отырғаны атап өтілді.





