МЕКТЕП АСХАНАСЫНДА КЕЗЕКТІ БРОКЕРАЖДЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты
«Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп » КММ-де 2026–2027 оқу жылының 10 қыркүйек күні мектеп асханасының жұмыс сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуына кезекті бақылау жүргізілді.
Тексеру жұмыстары бракераж комиссиясының мүшелері тарапынан ұйымдастырылып, мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы, тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдарды дайындау технологиясының сақталуы, дайын тағамдар мен азық-түлік өнімдерінің сақталу талаптары жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, оқушыларға ұсынылатын күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексеріліп, мәзірде көрсетілген тағамдардың толық қамтылғандығына назар аударылды.
Мектеп асханасында оқушылардың қауіпсіз, сапалы әрі құнарлы тамақтануын қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Осы бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.






