МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ ӨТТІ!
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 23.10.2025 жылы мектебімізде 25 Қазан Республика күніне орай оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы — "Мектеп парламентінің президентін сайлау" өтті. Бұл күн — оқушылардың азаматтық белсенділігі мен көшбасшылық қабілетін танытқан ерекше сәт болды.
Үміткерлер өз бағдарламаларын ұсынып, мектебімізді көркейтуге бағытталған тың идеяларымен бөлісті.
Сайлау әділдік, ашықтық және демократиялық қағидаттарға сай өткізілді.
Барлық сынып оқушылары өз дауыстарын беріп, белсенділік танытты.
Жаңа сайланған Президентке сәттілік тілейміз!
Енді ол – мектептің оқушы үнін жеткізер, ұйымшылдықты нығайтар тұлға!






