МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ!
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2026 жылы 30 сәуір күні Мектеп Президентін сайлау болып өтті.
Сайлауға мектептің 10-сынып оқушылары арасынан үміткерлер қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, мектеп оқушыларына өз мақсаттары мен жоспарларын таныстырды.
Сайлау алдындағы кезеңде үміткерлер белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өз бағдарламаларын насихаттады.
Дауыс беру барысында сайлау комиссиясы өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, дауыс беруге келген оқушыларға сәттілік тіледі. Сайлаушылар арнайы сайлау жәшігіне өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.
Сайлауға 7–11 сынып оқушылары мен мектеп ұжымы белсенді қатысып, өз таңдауларын білдірді.
Шұғылаға жаңа қызметінде сәттілік, жауапкершілік пен толағай табыстар тілейміз!
Мектеп өміріне белсенді араласып, оқушылардың игілігі жолында жақсы бастамаларды жүзеге асырады деп сенеміз!






