Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ"

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ"

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 18.02.2026 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде «Мен оқыған бір ертегі» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны мектеп кітапханашысы Г. Жолдасбаева мен қосымша білім беру педагогы А.Орынбекова ұйымдастырып, жүргізді.

Тәрбие сағатының мақсаты

- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,

- Ертегілер арқылы олардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру.

Міндеттері:

- Оқушыларды ертегі мазмұнын түсініп, талдай білуге үйрету,

- Кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру,көркем сөйлеу, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту,

- Ұлттық және әлем ертегілері арқылы ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздері оқыған ертегілерімен бөлісіп, кейіпкерлерге мінездеме беріп өтті. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы мен белсенділігі ерекше байқалды. Көптеген оқушылардың ертегілерді сүйіп оқитыны қуантты.

Іс-шара соңында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Жасұлан Бимбетов қорытынды сөз сөйлеп, оқушылардың белсенділігіне жоғары баға берді.Ол балалардың көп ертегі оқығанын атап өтіп, кітап оқу – білім мен тәрбиенің бастауы екенін айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта да кітапты көп оқып, рухани дамуға көңіл бөлу керектігін ерекше атап өтті.

Кітап – рухани байлықтың көзі. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. 📚✨633867461 1521887812986557 1231563029507357619 n