Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де
Мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенттігіне үміткер оқушылар өз кандидатураларын ұсынып, сайлауалды бағдарламалары мен мақсат-идеяларын таныстыруда.
Әр үміткер – мектеп өміріне белсенді араласуға, жаңа бастамалар көтеруге, шығармашылық ізденіске жол ашуға және оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ниетті жас көшбасшы.
Оқушылар өз бағдарламаларында мектеп өмірін жақсартуға бағытталған тың идеялары мен бастамаларын ортаға салып, көшбасшылық қасиеттерін танытуда.
ЖАУАПКЕРШІЛІК. КӨШБАСШЫЛЫҚ.
БІРЛІК. БАСТАМАЛЫҚ!
Әр дауыс – маңызды.
Әр таңдау – жауапкершілік.
Әр жас көшбасшы – мектеп болашағына үлес қоса алады!





