Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Салауатты өмір салты»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 1–11 сыныптар арасында «Салауатты өмір салты» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сынып сағаттары барысында бастауыш сыныптарда «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында оқушыларға жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану және күн тәртібін сақтау туралы түсінік берілді. Орта буын сыныптарында «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» тақырыбы аясында зиянды әдеттердің алдын алу, дене белсенділігінің маңызы кеңінен талқыланды. Ал жоғары сынып оқушыларымен «Салауатты ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында мазмұнды әңгімелер өткізіліп, денсаулықтың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы сараланды.Денсаулық – әр адамның басты байлығы. Сондықтан әрбіріміз салауатты өмір салтын ұстанып, болашаққа нық қадам жасауымыз қажет!

666306518 1563113692197302 5367602892975107288 n