Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Спорт пен Отан қорғау – бір мақсат, бір рух!»

«Спорт пен Отан қорғау – бір мақсат, бір рух!»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты

"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де «Барыс» бірлестігінің айлық іс-шарасының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық рухты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы жігерлі, қайсар, жауапкершілігі мол тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері: ✔️ Оқушыларды спортқа баулу, дене шынықтырумен жүйелі айналысуға ынталандыру;

✔️ Әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан қорғауға дайын, елжанды ұрпақ қалыптастыру;

✔️ Бірлікке, тәртіпке, төзімділік пен ерік-жігерге тәрбиелеу;

✔️ Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Айлық аясында спорттық жарыстар, әскери-патриоттық сайыстар мен тәрбиелік іс-шаралар өткізу жоспарланған.

✨ Спорт – күш, тәрбие – рух, Отанға қызмет ету – қасиетті парыз!

616831305 1493357749172897 3474261811264698246 n