Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«ҰСТАЗДЫҢ ІЗІ— ЖҮРЕКТЕ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ

«ҰСТАЗДЫҢ ІЗІ— ЖҮРЕКТЕ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ 🎨

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ -де

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндік барысында Ж.Өте мен Б.Салманның жетекшілігімен ерекше шығармашылық шара өтті.

📌 Байқау барысында оқушылар ұстаз тұлғасына деген алғыс пен құрметтерін сурет арқылы жеткізіп, жүрек төріндегі сезімдерін қылқаламмен бейнеледі. Әрбір жұмыс – шәкірт жүрегіндегі ұстаз бейнесінің айқын көрінісі.Ұлағатты ұстаздарымызға арналған бұл шара жас ұрпақтың өнері мен ізгілігін ұштастырып, тәрбие мен шабыттың жарқын үлгісіне айналды.

Возможно, это изображение 4 человека и текст