"Таза Қазақстан" бастамасы аясындағы сенбілік
2025 жылғы 11 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы жалпы ұлттық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты — қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру.






