«Тіл-халықтың жаны»
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р. Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Тіл-халықтың жаны» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: ана тілімізді ардақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқушылардың тілге деген құрметін арттыру.Іс-шараны мектеп кітапханашысы Жолдасбаева Гүлназ, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен
5 - сынып оқушылары арасында өткізілді.
Оқушылар ана тілінің қадір-қасиеті, оның ұлт болмысындағы орны туралы өз ойларын ортаға салып, өлеңдер оқып, мақал-мәтел айтып жарысты.
Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы.Ана тілімізді құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз!






