Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған онкүндік іс-шара барысында «Өз тілің – бірлік,өзге тілің – тірлік!» жазу байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, сауатты әрі көркем жазуға баулу, сондай-ақ тіл мәдениетін қалыптастыру.Көркем жазу – ұқыптылық пен шеберлікті, тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті танытатын өнер. Байқауға қатысушылар өздерінің каллиграфиялық қабілеттерін көрсетіп, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін өз жазулары арқылы жеткізді.
Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы.
Өз тілін құрметтеген ұрпақ – елінің болашағын бағалайтын ұрпақ!
Ана тілімізді ардақтайық, өзге тілдерді құрметтейік!
Тіліміз тұғырлы, еліміз бірлікті болсын!






