Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Өзбекәлі Жәнібеков Ұлт руханиятының жанашыры"

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жоспарға сай тарих пәнінің мұғалімі Абдешов Алмас 2026 жылғы 26 ақпанда "Өзбекәлі Жәнібеков Ұлт руханиятының жанашыры" атты танымдық сабақ өткізді.

Сабаққа Мыңшұңқыр ауылдық кітапханашылары және кітапхана меңгерушісі Топаева Алтынай ,Өзбекәлі Жәнібековтың туындыларымен таныстырды. Өзбекәлі Жәнібеков — қазақ халқының рухани мұрасын жаңғыртуға өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол ұлттық салт-дәстүрлерді, тарихи құндылықтарды сақтап, ұрпақ санасына сіңіру жолында аянбай қызмет етті.

Танымдық сабақ барысында оқушылар Өзбекәлі Жәнібековтің ел мәдениетін дамытудағы рөлімен, ұлттық болмысты сақтау жолындағы еңбектерімен танысты Бұл сабақ жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеуді мақсат етеді.645048693 1531686502006688 3273431731006694439 n