Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Жастар нашақорлыққа қарсы»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ-де мектеп медбикесі Әділбек Балауса 8-11 сынып оқушыларына «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбында баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға зиянды әдеттердің, әсіресе нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, дұрыс таңдау жасау және өз өміріне жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Міндеті – оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, зиянды әрекеттердің салдарын түсіндіру және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыру.

Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі!677104586 1573531474488857 4433281609676468316 n