Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Желтоқсан – Тәуелсіздіктің бастауы»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.

Іс-шараны 5 «А» сынып жетекшісі Тайбағарова Альмира мен 6 «Ә» сынып жетекшісі Бекбатырқызы Ләйла бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктерін таныту, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Міндеттері:

✨ Оқушылардың Тәуелсіздік туралы білімдерін кеңейту;

✨ Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу;

✨ Отанға, туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту;

✨ Ел болашағы – жастар екенін ұғындырып, белсенді азамат болуға баулу.

Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көтеріңкі көңіл күй мен отансүйгіштікке толы бұл шара қатысушыларға рухани әсер сыйлады.598651634 1469933401515332 7337872836985296921 n