“ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ” ЧЕЛЛЕНДЖІ
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты
“Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің
6"Ә"- сынып оқушылары. Сынып жетекшісі:Л.Бекбатырқызы
Выберите язык
“ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ” ЧЕЛЛЕНДЖІ
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты
“Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің
6"Ә"- сынып оқушылары. Сынып жетекшісі:Л.Бекбатырқызы
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ! 🇰🇿
Отырар ауданы білім бөліме қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 24.10.2025 жылы 25 Қазан Республика күніне орай мектебімізде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының ең маңызды сәті —
Мектеп президентін ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті!
-+
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты
“Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп ” КММ-де
Отырар ауданының білім бөлімі,2025 жылғы 13 қазанындағы №25/6554 шығыс хатына сәйкес, “Өркен”балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты “Желідегі қауіпсіздік" флешмобы жалғасуда.
Флешмоб мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің цифрлық,физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру
"Таза Қазақстан" бастамасы аясындағы сенбілік
2025 жылғы 11 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы жалпы ұлттық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты — қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру.

"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ- де Ғаламшар бірлестігінің айлық жоспарына сай қазан айының 09 жұлдызы күні химия пәні мұғалімі Пердешова Роза 8"ә"- сынып оқушыларымен "Металдардың оттегімен және сумен әрекеттесуі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың ұйымдастыру кезеңі "DupDub" жасанды интеллектісімен оқушыларға бүгінгі сабаққа ізгі тілегін білдірумен басталды. Үй тапсырмасын сұрауда "spintheweel" , "classroom" жасанды интеллекттерін пайдаланды. Сонымен қатар металдардың сумен әрекеттесуі бойынша зертханалық жұмыс көрсетіп, тапсырмалар орындады.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Ғаламшар бірлестігінің "Жаратылыстану сыры- ғылымда" атты айлық іс- шара барысында биология пәнінің мұғалімі: Сапарбаева Диана 8 "А" сыныбына
" Тістің құрылысы мен қызметі. Тіс гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің қызметі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында: оқушылар бірдей сәттілік тіледі. "Ұшу рейсі"әдісі бойынша билет алып топқа бөлінді.
1 топ Сүт тістер
2 топ Тұрақты тістер.
"Ұшақ" әдісі арқылы әр топқа ұшақта жазылған сұрақтар ұшырылды және оқушылар сұраққа жауап берді.
Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру арқылы басталып видеомен түсіндірілді.
Бұл сабақта оқушылар астың қалай қорытылатын және тістің күтімі мен гигиенасын толық түсініп сабақта белсенділік танытып отырды. Оқушылардан "Бұлт" әдісі арқылы кері байланыс жасалынды.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты
"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 03.10.25 жылғы №25/6292 хатына сәйкес 10-15 қазан аралығында қаржылық сауаттылығын арттыруға байланысты диктант өткізу жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес диктантты өткізу 7-11 сынып оқушылары қамтылды. Сонымен қатар, мектеп басшылары және мектебіміздің мұғалімдері, кіші қызметкерлер арасында да жүзеге асты. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты: Халық арасында қаржылық қауіпсіздік мәдениетін арттыру; инвестициялық тәуекелдер мен жеке деректерді қорғау ұғымдарын кеңінен түсіндіру; сондай-ақ, азаматтардың қаржы саласында өз бетінше білім алуына ынталандыру болып табылады.

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!"
АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАС БУЫН!
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен оқушылар арасында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Мақсаты – жас ұрпақтың бойында әділдік, жауапкершілік, адалдық сияқты құндылықтарды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың зияндығын түсіндіру.
Байқауға қатысқан оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамдағы әділдік пен тазалықты сақтауға үндеу тастады. Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

"КҮЗГІ АСАР" – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ!
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де бүгін "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Еңбегі адал - жас өрен" жобасы аясында "Күзгі асар" жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараны өзін-өзі басқару ұйымы оқушылары мен мектеп тәлімгері Айгүл Өскенбайдың ұйымдастыруымен жүзеге асып, оқушылар мен ата-аналар белсенділік танытты.
Жәрмеңкеде әр сынып күздің молшылығын паш етіп, түрлі тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Көтеріңкі көңіл-күй мен ұйымшылдықтың үлгісіне айналған бұл шара – еңбек пен бірліктің нәтижесі.
Жиналған қаражат – сынып қажеті мен игі істерге бағытталады.Осындай шаралар оқушылардың жауапкершілігін, шығармашылығын арттырып, мектеп өмірін қызықты етеді.
Берекелі күз – берекелі болашақ кепілі!

НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 14 қазан күні мектепте «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында 7–11 сыныптың ұл балаларымен түсіндірме және алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бимбетов, Қоғам округінің учаскелік полиция инспекторы М.Бимен, сондай-ақ АПБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты М.Сержан қатысып жүргізді.
Кездесу барысында нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін зияны туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Бимбетов оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, өз ортасында жағымсыз әдеттерге жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар есірткі заттарын қолданудың құқықтық жауапкершілігі мен оның ауыр зардаптары туралы ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты М.Сержан түсіндірді.
Іс-шара соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулердің мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу болып табылады.

«ҰСТАЗДЫҢ ІЗІ— ЖҮРЕКТЕ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ![]()
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ -де
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндік барысында Ж.Өте мен Б.Салманның жетекшілігімен ерекше шығармашылық шара өтті.
Байқау барысында оқушылар ұстаз тұлғасына деген алғыс пен құрметтерін сурет арқылы жеткізіп, жүрек төріндегі сезімдерін қылқаламмен бейнеледі. Әрбір жұмыс – шәкірт жүрегіндегі ұстаз бейнесінің айқын көрінісі.Ұлағатты ұстаздарымызға арналған бұл шара жас ұрпақтың өнері мен ізгілігін ұштастырып, тәрбие мен шабыттың жарқын үлгісіне айналды.

"ІЗГІ НИЕТ – ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ!"
1 қазан – Қарттар күніне орай мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бимбетов,мектеп тәлімгері А.Өскенбай,ұйымдастырушы педагог Г.Жангирова,әлеуметтік педагог Л.Кизбаевалар мен мектеп оқушылары ауылдағы қарт кісілердің үйіне арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Ізгі тілектер айтылып, жүрек жылуын сыйлаған бұл кездесу қарияларымызға ерекше қуаныш сыйлады.
Ұрпақтар сабақтастығы мен сыйластық – тәрбиенің негізі!
