Выберите язык
Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп "КММ- де "Балалар кітапханасы " жобасы аясында "Оқитын сынып " жобасы аясында Ш.Уәлихановтың
190- жыл толуына орай "Мәңгі өшпес жарық жұлдыз " атты танымдық сабағымыз 6 "ә " сынып оқушылары мен кітапханада өткізілді.
Мақсаты : Ш.Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру , елі халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету , үлгі ету. Оқушылар сабаққа жақсы ат салысты.Ш.Уәлиханов туралы өмір баяны ,саяхаттары туралы айтты.Сабақ жақсы әсерлі өтті.
ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты
"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Тұлғатану үйірме жетекшісі Ж.Одаманова мен мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен
Кеңес Одағының Батыры, ғалым, әдебиет зерттеушісі, қаламгер Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай
«Батыр. Ғалым. Қаламгер» тақырыбында әдеби-танымдық сабақ өтті.Іс-шара барысында оқушылар Мәлік Ғабдуллиннің ерлік жолымен, ғылыми еңбектерімен, әдеби мұрасымен танысып, оның ел тарихындағы айрықша орнын терең ұғынды.
Танымдық тапсырмалар, пікір алмасу мен шығармашылық жұмыстар арқылы жас ұрпаққа патриоттық рух, отансүйгіштік пен білімге құштарлық дарытылды.
Ұлт мақтанышын ұлықтау – ұрпаққа өнеге
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Ұлдар ұйымының жоспарына сәйкес 7-11 сынып ұлдары арасында «Ұл бала – отбасының тірегі» тақырыбында маңызды тәрбиелік жиналыс ұйымдастырылды.
Жиын барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұлан баяндама жасап, жасөспірім ұл балалардың отбасындағы, қоғамдағы рөлі, жауапкершілігі, әдептілік пен тәртіп, ұлттық құндылықтарды сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Баяндама барысында ұл балаға тән мінез-құлық, ер азаматқа қойылатын талаптар мен болашақтағы азаматтық борышы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Сонымен қатар, Ұлдар ұйымының төрағасы, АӘД пәнінің мұғалімі Дарибаев Нурбол оқылған баяндама негізінде ұл балаларға бағыт-бағдар беріп, тәрбие мен тәртіптің маңыздылығын, отбасына тірек болар нағыз ер азамат болудың жолдарын атап өтті. Оқушылармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, өмірлік маңызы бар тәрбиелік кеңестер берілді.
Жиналыстың мақсаты:
Ұл балалардың бойында жауапкершілік, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ер азаматқа тән мінез-құлық нормаларын түсіндіру, отбасына, қоғамға пайдалы тұлға етіп тәрбиелеу.
Міндеттері:
– Ұл балаларға ұлттық тәрбие беру,
– Отбасы құндылықтарын құрметтеуге баулу,
-- Жауапкершілік пен тәртіпке үйрету,
– Ер азаматқа тән әдеп, мәдениет, батылдық қасиеттерін дамыту.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.
Іс-шараны 5 «А» сынып жетекшісі Тайбағарова Альмира мен 6 «Ә» сынып жетекшісі Бекбатырқызы Ләйла бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктерін таныту, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
Оқушылардың Тәуелсіздік туралы білімдерін кеңейту;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу;
Отанға, туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту;
Ел болашағы – жастар екенін ұғындырып, белсенді азамат болуға баулу.
Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көтеріңкі көңіл күй мен отансүйгіштікке толы бұл шара қатысушыларға рухани әсер сыйлады.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, ел қорғаған бабалардың ерлігін ұлықтау, отансүйгіштік рухты нығайту.
Іс-шара барысында қатысушыларға Тәуелсіздікке дейінгі күрес жолы мен тарихи деректер таныстырылып, тәуелсіз елдің болашағы – білімді, рухы биік жастар екені атап өтілді.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 9.12.2025 жылы мектеп психологі Адырбекова Гүлбайра 9-11 сынып оқушыларымен
"Болашақ мамандыққа жол" тренингі өткізілді. Тренинг мақсаты - оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы ішкі қызығушылығын оятып, қабілеттерін тануға, арман мен мақсатты нақтылауға мүмкіндік беру. Сабақ барысында арт терапия әдісі қолданылып оқушылар "Арман- Мақсаты- Қабілет" тақырыбында нейрографикалық жұмыс орындады. Оқушылар болашақ мамандыққа қатысты өз ойларын бейнелеу арқылы, ішкі ресурстарын көруге, мамандық таңдаудағы нақты ойларын айқындауға бағытталды. Сенімділік жаттығуы арқылы эмоционалдық күй тұрақталып, өзіндік сенім деңгейі артты.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 09.12.2025 жылы «Терроризм қаупі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы жасалатын әрекеттер туралы» тақырыбында мектеп қызметкерлері және оқушылары арасында оқу жаттығу өткізілді. Оқу жаттығу барысында қатысушыларға террористік актінің қаупі туралы дұрыс хабардар ету, көшеде террористік оқиғалар орын алғанда әрекет ету кезегі, адамдар көп жиналатын жердегі жүріп тұру іс-әрекеті, арнайы операция басталғандағы, ғимаратта террористік іс-әрекеттер орын алған жағдайдағы практикалық іс-әрекеттер және жарылғыш заттар орнатылуы мүмкін орындар туралы мәліметтер беріле келе, террорлық қауіп белгісі байқалған кезде ережеге сай іс-қимылдар жасалуы қажет екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді..
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" тақырыбы аясында "Жас қанат" орыс тілі мен ағылшын тілі пәні бірлестігінің айлық іс шарасы жоспарына сай 09.12.2025 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Альмира Нұржанқызы 4 ,,а” сынып оқушыларына << Question words >> тақырыбына ашық сабақ өтті. 
Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөлімінің, "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 03 желтоқсан мен 25 желтоқсан арасында жоспарға сәйкес "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" тақырыбы аясында "Жас қанат" орыс тілі мен ағылшын тілі пәні бірлестігінің айлық іс шарасы бүгін жалғасын табуда, орыс тілі пәні мұғалімдерінің шығармашылық күні "Русский язык-язык дружбы" тақырыбында орыс тіліне арналған күн болды.
