Выберите язык
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ -де 5-сынып оқушылары «Ананың аялы алақаны» тақырыбында жүрекке жылу сыйлаған тренингке қатысты.Іс-шара «Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылып, оқушыларды мейірімділікке, алғыс айтуға және отбасы құндылықтарын бағалауға бағытталды.
Тренинг барысында балалар аналарына арнап хат жазып, жүректеріндегі ең жылы сезімдерін ақ қағазға түсірді. Сонымен бірге анаға деген сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеп, мейірімнің маңызын өз көзқарастарымен жеткізді.
Бұл шара оқушылардың эмоциялық мәдениетін дамытып, ананы құрметтеуге, жақынға жанашыр болуға тәрбиеледі.
Ана — өмірдің алтын өзегі, мейірімнің шуағы.
Балалардың жүрегіне жылу сыйлаған тәрбиелік шара әлі де жалғасын табады.

Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөлімінің, "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 03 желтоқсан мен 25 желтоқсан арасында жоспарға сәйкес "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" тақырыбы аясында "Жас қанат" орыс тілі мен ағылшын тілі пәні бірлестігінің айлық іс шарасы бастау алды. Ашылу салтанаты бірлестік жетекшісі Жұмаш Бағдат шараның жоспары мен мақсатын таныстырып, шығармашыл шәкірттер орыс және ағылшын тілінде өз ойлары мен арнау, жаттауларымен бөлісті. Өнерлі оқушылар ән бимен шаттанды.Іс-шара барсында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұлан оқушылар мен бірлестікке айлық іс шара барысына сәттілік тіледі.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азама" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Күз ханшайымы -2025 "бастауыш сынып қыздары арасында
«Көркем жазу» үйірмесінің жетекшісі Келесова Салтанаттың ұйымдастырумен өтті.
«Күз ханшайым – 2025» сайысы жоғары деңгейде өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және күздің көркем келбетін сезіндіру болды.Қатысушы оқушылар бірнеше кезең бойынша өз өнерін көрсетіп, сәнді күзгі киімдерін, шығармашылық жұмыстарын және өнерлерін ортаға салды.
Жеңімпаздар мен номинациялар:
Бас жүлде – «Күз ханшайым»: Әбілда Лашын
«Тәтті қыз» – Бекмұрат Айша
«Сүйкімді қыз» – Қуанышбай Айда
«Өнерлі қыз» – Орынбай Аяла
«Инабатты қыз» – Мырзахан Айша
«Талантты қыз» – Бекзатқызы Айша
«Ақылды қыз» – Нұрбек Әмина
Барлық қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Әр бала өз талантын жарқыратып, мерекенің сәнін кіргізді.Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, қалған қатысушыларға да алғыс хаттар табысталды. Сайыстың мәнді өтуіне үлес қосқан ата-аналар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! ![]()
![]()

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азам" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Дебат үйірмесі жетекшісі С.Келесованың ұйымдастыруымен мектебімізде “Адал ұрпақ – ел болашағы” тақырыбында оқушылар арасында мазмұнды пікірталас өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы өз орнын дұрыс айқындауға бағыт беру.
Пікірталас барысында оқушылар адал ұрпақ болудың маңызын талқылап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, шынайылық пен әділдікті сақтау жөніндегі өз ой-пікірлерін еркін жеткізді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырып, азаматтық ұстанымын бекітуге үлкен үлес қосады.

Түркістан облысының прокуратурасы «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған ашық форматтағы онлайн-кездесу өткізеді.
Облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов өңірдегі балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, оқушылар мен ата-аналар көтерген мәселелерді талқылайды.
Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру
Интернеттегі қауіпсіздік
Зорлық-зомбылықтың алдын алу
Мектеп пен көшедегі тәртіп
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Барлық мектеп оқушыларын, ата-аналарды және педагогтерді тікелей эфирге белсенді қатысуға шақырамыз!
Өтетін күні: 3 желтоқсан 2025 жыл
Уақыты: сағат 10:00
Тікелей эфир парақшалары:
Instagram: @turkistan.obl.prokuratura, @daulet_tlemissov
ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп "КММ- де 25.11.2025 ж "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
"Оқитын сынып " жобасы аясында мектеп кітапханашысы Г.Жолдасбаева 6"ә" - сынып жетекшісі Л.Бекбатырқызы сынып оқушылары мен Сапарғали Бегалин "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" атты танымдық сабақ өткізді.
Мақсаты : Оқырмандарға балалар жазушысы С.Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдері мен шығармашылықтарын таныстырып, оқырмандарды адалдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.Оқушылар С.Бегалиннің әңгімелерін, өлеңдерін оқып беріп белсенділік танытты .

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының көрнекті өкілі, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған “Алаштың асыл перзенті” атты 8–9 сынып оқушылары арасындағы зияткерлік ойын өткізіліп, оқушылар бір-бірімен білім сайысына түсті.Ойын барысында оқушылар Міржақып Дулатұлының өмір жолы, шығармашылық мұрасы, Алаш қозғалысындағы қызметі жөнінде терең білімдерін көрсетіп, ұлт тарихына деген қызығушылықтарын танытты.
Шараның мақсаты — жас ұрпаққа Алаш арыстарының мұрасын таныту, ұлттық сананы қалыптастыру және тарихи тұлғаларымыздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Барлық қатысқан оқушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаз топтарды құттықтаймыз!.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен
“Біз нашақорлыққа қарсымыз” тақырыбында 7-11 сыныптар арасында футзал турнирі өтті.
Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды спортқа баулу, зиянды әдеттердің алдын алу және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік жасау.Турнир қызу тартысты өтті. Командалар өзара ұйымшылдық, шеберлік және достық қарым-қатынастың биік үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен ойыншылар марапатталып, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйланды.
Біз – салауатты өмірді қолдаймыз!
Біз – нашақорлыққа қарсымыз!

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты
"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білімі беретін мектеп» КММ-сі бойынша ҚР-сы Оқу- ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 қаңтардағы №05-1-05-4/7839-И хатына сәйкес ,
«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі жобасын іске асыру бойынша «Полиция және балалар - бірге қауіпсіздік үшін» акциясы аясында бірыңғай мазмұндама жазу жұмыстары жүргізілді.
Мазмұндама 7-11 сынып арасында өткізілді. 7-8 сынып оқушылары «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол», 9-11 сыныптар «Полиция және балалар- қауіпсіздік үшін бірге» тақырыптарында жазды. Сынып оқушыларына жалпы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрметті Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы мен ата-аналар және аудан, тұрғындары! Жылыту маусымының келуіне байланысты улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында мұржаларыңыздың тазалығын тексеріп, техника қауыпсіздігін сақтаңыздар . Отбасыларыңызға және жақындарыңызға жанашыр болыңыздар. Өрт шығуын байқаған уақытта «101», «112» нөмірлеріне хабарласа аласыздар!
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ!
