
Выберите язык








Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысында психологиялық ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді . Жиында мектеп психологы Г.Адырбекова ерекше назардағы оқушыларға толтырылатын бақылау парағын түсіндірді , сынып жетекшілерге бірлескен жоспарлар құру , жоспармен жұмыс жүргізу процесін анықтап алуды ұсынды. Әлеуметтік педагог Л.Киізбаева өз сөзінде әр сынып бойынша осал топ оқушыларының бақылау парағын толтыру , үй аралау актісін жылына 2 рет жасау туралы айтты , сынып жетекшілер өз сыныптары бойынша диагностика нәтижесінде анықталған жасыл, сары, қызыл деңгейге бөлу критериларымен танысып , арықарай жұмыс бағыттарын анықтап алды . Мектеп директоры Д.Асан өз сөзінде мектептегі әрбір оқушы жеке тұлға , оны ары қарай қолдап , түзетіп отыру осы ұжымның ортақ міндеті екенін айтты, жиын барысында айтылған жоспарларды тиісті тұлғалардан жыл соңында сұралатынын ескертті.Жиын соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бимбетов сынып жетекшілерге өз сыныптары бойынша диагностика нәтижесінде анықталған жасыл, сары, қызыл деңгейге бөлу критериларымен танысып, ары қарай жұмыс бағыттарын қарқынды жүргізу керектігін тапсырды.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 6 "ә"- сынып оқушыларымен «Тұлғатану» үйірме жетекшісі Одаманова Жаңагүл «Ә.Бөкейханов – Алаштың ардақтысы» атты танымдық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Әлихан Бөкейханов тұлғасының өмір жолы мен ел үшін атқарған қызметін таныстыру, оның Алаш қозғалысындағы тарихи рөлін түсіндіру. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық, тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу. Сондай-ақ оқушыларды тұлғатану арқылы ұлт зиялыларының өнегелі өмірінен үлгі алуға, білімге құштарлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ- де
23 сәуір " Ұлттық кітап " күні мерекесіне орай "Балалар әдебиеті тәрбиенің бастауы" тақырыбында он күндік жоспарға сәйкес Түнгі кітапхана
іс- шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты : Кітап арқылы ұстаздардың рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру , шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал ету.Кітап адамзаттың рухани байлығы, білімнің қайнар көзі.Бүгінгі кеште кітап әлеміне тереңірек үңіліп ,қызықты ойындар ұйымдастырылды